Қостанай облысында полицейлер адасқан шопандарды ажал аузынан аман алып қалды
Сурет: Zakon.kz
26 қазан күні кешке Қостанай облысының Новопавловка ауылында 57 және 46 жастағы екі шопан жоғалып кетті. Полицейлердің айтуынша, олар қалың қардың кесірінен малдарын жаюға кетіп, кері қайтар жол таба алмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствода анықталғандай, ер адамдар ЖШС бірінде жұмыс істейді. Олар Қарасу ауылынан 75 шақырым жерде мал баққан.
Қарасу аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Нұрсұлтан Мұхамбетсапов іздеу жұмыстарына тәртіп сақшылары мен ЖШС қызметкерлері қатысқанын атап өтті.
Сондай-ақ ол олардың облыс орталығынан 40 шақырым жерден екі сағаттың ішінде табылғанын қосты.
Ауа-райының қолайсыздығынан олар жолдан адасып қалған. Ер адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі
25 қазанда Алматы облысында жоғалған балалар таудан табылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript