40 мың теңге қарызы үшін ер адамның 15 қабырғасын сындырып кетті

28 қазанда Талдықорғанда полицейлер борышкерін қатты соққыға жыққан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бір күн бұрын 46 жастағы ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Дәрігерлер науқасқа 15 қабырғасының сынуы және басқа да жарақаттары бар деген диагноз қойды.
Полицейлердің айтуынша, жәбірленушіні 40 000 теңгеге жуық қарызы бар танысы қатты соққыға жыққан.
Келесі кездесуде ер адамдар арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан.
Күдікті қамауға алынды.
Қыркүйектің 15-і күні Ақтауда жігіттерді қолдан жасалған сойыл мен жарғанақпен ұрған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript