Сарыағашта есірткі еккен әйел сотталды

Есірткі өсірген әйел ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2022 13:02 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында өз ауласында заңсыз есірткі еккен Сарыағаш ауданының 57 жастағы тұрғынына үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтырақ айтсақ, Сарыағаш АПБ  полицейлері жедел-профилактикалық іс-шара кезінде үйінде есірткі еккен күдіктіні ұстады.

Ал әйел оны өзі тұтыну үшін өсіргенін жеткізді. Аталмыш күдіктіден полицейлер заттай дәлел ретінде құрамында есірткісі бар бес түп өсімдікті тәркілеп, сараптамаға жіберді, деп жазады Polisia.kz.

Қорытындыға сәйкес оның үшеуі сора, ал екеуі көкнар есірткісі болып шықты.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жинақталған материалдар айыптау актісімен бірге заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Нәтижесінде Сарыағаш аудандық соты 57 жастағы сотталушыға бір жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: