29 қазанда еліміздің батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауады
Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 29 қазандағы ауа райы болжамын ұсынды. Елiмiздiң басым бiлiгiнде солтүстiк-батыс антициклонының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа рай сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тек республиканың батыс, оңтүстік және киыр шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Республика бойынша тұман, оңтүстік жартысында желдің күшеюі, шығыста жаяу бұрқасын күтіледі."Қазгидромет" РМК
Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 2-7 м/с болады. Ауаның температурасы түнде -7-9°С, күндіз 0,+2°С болады.
Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде +1+3°С, күндіз +12+14°С болады.
Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +5+7°С, күндіз +16+18°С болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript