Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда 22 пайыздай аз

Ұлттық статистика бюросы, әйелдердің еңбекақысы, еңбекақы, зейнеткер, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2022 15:52 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, әйелдердің орташа айлық атаулы жалақысы 220 160 теңге, ерлердікі 281 239 теңге. Айырмашылық орта есеппен 61 079 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2020 жылы гендерлік жалақы айырмашылығы 25% болды.

Статистиктердің пікірінше, еңбекақыдағы айырмашылықтар атқарылған жұмысқа және кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің түрлеріне қарай ерекшеленеді.

Еңбекақының ең жоғары мөлшері тау-кен өндіру өнеркәсібіндегілер мен карьер қазатындарда – 503 930 теңге, ең төменгісі – ауыл, орман және балық шаруашылығында – 150 705 теңге.

Бұл ретте 2021 жылы 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 9,3 млн адамға жетті немесе халықтың жалпы санының 69,3%-ы. 2020 жылы 9,2 млн адам болған еді.

Статистердің мәліметінше, экономиканың түрлі салаларында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 4,2 млн адам немесе 48,3%-ы – әйелдер (2020 жылы – 48,2%).

Жұмыспен қамтылған халық құрылымының басым бөлігі жалдамалы жұмыскерлерден тұрады – 6,7 млн адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 2,1 млн адам (23,8%).

Жалдамалы жұмыскерлер санында гендерлік теңдік байқалды: 50,9% – ерлер, 49,1% – әйелдер. Ал өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасында әйелдермен 45,6% салыстырғанда ерлердің үлесі сәл жоғары – 54,4%.

Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметке сүйенсек, экономиканың әртүрлі салаларындағы ерлер мен әйелдердің бөлінісін қарастырсақ,  жалдамалы жұмыс істейтін ер адамдардың едәуір үлесі "ерлер" салалары: құрылыс (77,2%), өнеркәсіп (68,9%), ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы (57,8%), көлік және қойма (77,4%) салаларында.

Әйелдер ауыл шаруашылығы секторында (42,2%), өнеркәсіпте (31,1%) және құрылыста (22,8%) азырақ, бірақ сауда (57,1%), орналастыру және тамақтану қызметтерін ұсыну (65,4%), білім беру (72,9%), денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету сияқты экономикалық қызмет салаларында басым (73%).

Жыныс-жас құрылымын талдау жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесін 25 пен 54 жас аралығындағы адамдар алатынын көрсетті – 76,5%, бұл ретте ерлер мен әйелдердің арақатынасы шамамен бірдей: 51,3% – ерлер және 48,7% – әйелдер.

Жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 11,5%-ы жастарға (15-24 жас) тиесілі және олардың арасында қыздарға (47,0%) қарағанда жігіттер көбірек (53,0%) байқалады.

Зейнеталды жасындағы адамдар (55-64 жас) жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 11,2%-ына тең, бұл ретте осы жас тобындағы әйелдердің үлесі – 49,1%.

Жұмыспен қамтылғандар санында жұмыс істейтін зейнеткерлердің (64 жас +) үлесі аз – 0,8%, оның ішінде 53,1% – әйелдер.

Талдау көрсеткендей, 7,4 млн адамның немесе жұмыспен қамтылған халықтың 83,5%-ында жоғары және орта кәсіптік (арнайы) білімі бар.

Әйелдер неғұрлым білікті жұмыс күші болып саналады, 41,4% әйелдің білім деңгейі жоғары.

Жұмыссыздар саны 449,6 мың адамға жетті, олардың жартысынан сәл астамы әйелдер (55,1%). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде қалыптасты, ал әйелдер жұмыссыздығы (5,5%) ерлер арасындағы жұмыссыздықтан (4,2%) асып түсті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: