Атырауда полицияның бұрынғы қызметкеріне сот үкімі шықты
Сурет: Zakon.kz
Атырау облысының полиция департаментіне қарасты патрульдік полиция ротасы қызметінің бұрынғы инспекторына 18 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Экс-полицейге қатысты қылмыстық іс Атырау қаласының №2 сотында қаралды.
Сот үкімімен С., кінәлі деп танылып, оған параның 30 еселенген сомасы – 18 миллион теңге көлемінде айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды өмір бойына қызмет атқару құқығы шектелді. Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі
Сондай-ақ сотталушы аға лейтенант арнайы шенінен айырылды.
Сот экс-полицей Өзбекстан азаматтарының құжаттарын Атырау қалалық ІІД көші-қон қызметі басқармасынан басшылыққа 600 мың теңге сыйақыға келісіп, алып беруге уәде еткенін, алайда ол ақшаны жымқырғанын анықтады.
Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, бейнежазбалармен дәлелденді. Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript