Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО әкімі бизнес өкілдерімен кездесті

БҚО әкімі бизнес өкілдерімен кездесті , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2022 12:21 Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Өткен апта соңында БҚО әкімі Ғали Есқалиев өңірдегі бизнес өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соңғы үш жыл еліміз үшін оңай болған жоқ. Екі жыл пандемия, қазір геосаяси ахуалға байланысты қиын кезеңдерді бастан кешуде. Әсіресе шекаралас орналасқан облыстарға, соның ішінде де Батыс Қазақстанға оңай емес. Өйткені барлық қиындықты бизнес өкілдері көріп отыр. Бірақ бұл бізге тосқауыл емес деп есептеймін. Әр дағдарыс жаңа мүмкіндік береді. Кәсіпкерлер үшін жаңа кезең ашылады. Өткен жылмен салыстырғанда өңірдің 9 айдағы көрсеткіші жаман емес, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Өңір басшысы осы кезеңде экономикалық табыс көлемін сақтап қалу үшін бизнесті әртараптандыру, жаңа инвестициялық жобалар тарту арқылы кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс істеудің тиімділігін атап өтті.

Кездесуде БҚО-ның кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысы Жұмагелді Батырниязов кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау туралы айтты.

Жыл сайын кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген қаражат көлемі ұлғайып, қаржылық емес қолдау шаралары да кеңейіп келеді. Қолдау әр сала бойынша белгілі даму институттары арқылы көрсетіледі. Атап айтқанда, «Бәйтерек холдингі», «Даму қоры», «Qazindustry», «КазахИнвест», «КазахЭкспорт», «КазТрейд» және басқа да қорлар бар.Соның ішінде «Астана» халықаралық қаржылық орталығын атап өтуге болады. Орталық жобаларды сүйемелдеумен және халықаралық деңгейде инвесторларды қорғаудың құқықтық жүйесімен көпфункционалды алаңы болып қызмет етуде. Сонымен бірге шетелдік азаматтарға «Бір терезе» қағидаты бойынша визалық қолдау көрсетіледі. 2021 жылы Президент Жарлығымен 2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бекітілген еді. Аталған жоба шеңберінде соңғы 3 жыл ішінде субсидия, кепілдендіру және грант бойынша 8,8 млрд. теңге беріліп, облыстағы 1 800-ден астам кәсіпкерге қолдау жасалды,- дейді Жұмагелді Жолдыбайұлы.

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Наурызбай Қарағойшиннің айтуынша, 2023 жылы облыстағы ауыл шаруашылық саласы үшін мемлекеттен 16,1 млрд. теңге бөлінбек. 2023 жылдан бастап ауыл халқының табысын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсарту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдауды үдету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес 2,5 пайызбен несиелеу бағдарламасы іске асады,- дейді Наурызбай Қарағойшин.

Кездесу соңында облыс әкімі мемлекет пен бизнестің әріптестігін дамытуға үлес қосып жүрген кәсіпкерлерге алғысын жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: