Жаңалықтар тізбегі
0

Көкшетауда қолында құндақтаулы сәбиі бар "синтетика" қоюшы әйел ұсталды

Астана, есірткі, Көкшетау, сәби, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2022 17:12 Сурет: polisia.kz
Есірткі сатумен айналысқан елордалық 26 жастағы келіншектің ісі әшкереленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің мәліметінше, күдікті сыбайластарымен бірге Астанадан Көкшетауға шамамен бір ай бұрын синтетикалық есірткі таратуға келген.

Ұстау кезінде әйел көлік айдап келе жатқан. Автокөлік салонындағы екі айлық баласының жанына қара түсті лентамен оралған шар тәрізді орам табылды. Оның ішінде қара лентамен оралған ақ түсті ұнтақ консистенциялы заттың 30 “ziplok” пакеті табылып, тәркіленді.

Азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар тұратын жалдамалы пәтерде олардың 28 жастағы сыбайласы, Астана қаласының тұрғыны ұсталды. Ол есірткіні ораумен айналысқан.

Тінту барысында одан сары оқшаулағыш лентамен оралған ақ түсті ұнтақ тәрізді консистенциялы заттың бір “ziplok” пакеті анықталып, тәркіленді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) және 296-бабының 2-бөлігі (Есірткі заттарды аз мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.

Сараптамалар тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: