Шахтинскіде қаза тапқан кеншілердің отбасыларына баспана беріледі

Қарағанды, шахта, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2022 18:10 Сурет: Zakon.kz
Қарағанды ​​облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қаза болғандардың жақындарына психологиялық және медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, ұжымдық шарт бойынша олардың отбасына 10 жылдық жалақы төленетін болды. Оның үстіне барлық несиесі төленіп, балалардың оқуы төленеді. Отбасылар да жаңа баспанамен қамтамасыз етіледі.

Екінші қарашадан үшінші қарашаға қараған түні Шахтинск қаласындағы "Арселор Митал Теміртау" АҚ-ның Ленин атындағы шахтасында газды дренаж скважиналарды бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде газ шығуы салдарынан 4 жұмысшы қайтыс болды, бесіншісінің денесі түні бойы іздестіріліп, таңғы 9-да табылды. Тағы 4 жұмысшы ауруханаға жатқызылды. 106 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: