Ұлытау облысындағы "Жомарт" шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасына көмек көрсетіледі

Шахта, шахтеры, Qarmet, Кармет, горнодобывающая промышленность, добыча полезных ископаемых, горная порода, добыча угля , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 10:46 Фото: Telegram/qarmet_news
Ұлытау облысының әкімдігі кен орнында қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан қажетті қолдаудың барлығын көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету үшін барлық тиісті шара қабылданады.

Қайғылы оқиғаға байланысты өңір басшысы Дастан Рыспеков көңіл айтты.

"Қайғылы оқиға баршамыздың жүрегімізге ауыр тиді. Бұл жағдай – бірнеше отбасы үшін орны толмайтын қаза.Қайтыс болған кеншілердің туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл қасірет баршамыз үшін оңайға соққан жоқ",- делінген көңіл айту жеделхатында.

Айта кетсек, 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында "Жомарт" шахтасында тау-кен массасы опырылып, үйінді астында жеті кенші қалып кетті. Бүгін, 18 ақпанда таңға жуық қаза тапқан жетінші шахтердың денесі табылып, жоғарыға көтерілді. Сондай-ақ, опырылуы себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссия құрылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: