Жаңалықтар тізбегі
0

Смайылов заңнаманы бизнеске қажетсіз талаптардан «тазартуды» тапсырды

Смайылов жиын өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2022 09:01 Сурет: primeminister.kz
​​ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте бизнестің проблемалық мәселелерін шешу, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын негізсіз талаптарды қайта қарау және қысқарту жөніндегі жұмыс барысы қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов қазіргі уақытта 44 саланың 26-сы бойынша нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізіліп жатқанын баяндады, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Бұл жұмысты 2023 жылдың бірінші тоқсанында аяқтау жоспарлануда. Бұл ретте мемлекеттік органдар бұрын талданған 18 сала, оның ішінде ауыл шаруашылығы, құрылыс, мұнай өндіру, көлік және сауда бойынша құқықтық және заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу рәсіміне кірісті.

Премьер-Министр басқа салалардағы реттеуші актілерді талдауды тездету қажеттігіне назар аударды және осы жұмысты жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Оның айтуынша, бизнеске қойылатын артық талаптарды жою үшін заңнамалық өзгерістер жедел енгізілуі тиіс.

«Тездету керек. «Атамекен» ҰКП тарапынан қолдау тапқан және мақұлданған талаптар бойынша заңнаманы «тазарту» қажет: бұл нормаларды бұйрықтар мен қаулылардан алып тастау керек. Талдау жұмысы аяқталғанша күтпеңіздер. Қажетсіз талаптар анықталды ма? Жұмысын тоқтату үшін оларды жою бойынша дереу шаралар қабылдау қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ кеңесте бизнестің проблемалық, оның ішінде Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырыстарында көтерілген мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды орындау барысы қаралды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: