Астанада жол-көлік апатын жасаған көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті

Астана, жол-көлік оқиғасы, траншея, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2022 14:35 Сурет: Zakon.kz
3 қарашада Астанадағы Құдайбердіұлы көшесінде Opel жүргізушісі бетон қоршауға соғылып, траншеяға ұшып кетіп, оқиға орнынан бой тасалады. Елордалық полицейлердің Zakon.kz сайтына хабарланша, олар қазір жүргізушіні іздестіріп жатыр.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жол-көлік оқиғасы болған жерде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан, тиісті жол белгілері орнатылған.

Жол апатынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ екені мәлім болды.

Қазіргі уақытта ведомство өкілдері жүргізушіні анықтау бойынша іздестіру шаралары жүріп жатқанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: