Алматыда жол-көлік оқиғасы кезінде мотоцикл жүргізушісі жол жиегіне ұшып кетті

мотоцикл соқтығысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2022 16:28 Сурет: Zakon.kz
Рысқұлов пен Лобачевский көшелерінің қиылысында такси жүргізушісі мотоциклмен соқтығысқан. Оқиға салдарынан мотоцикл жүргізуші тротуарға шығып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kia Rio таксиі Рысқұлов даңғылының бойымен шығысқа қарай келе жатқан. Артынан «Апрельия» мотоциклі жүріп отырған. Такси жүргізушісі Лобачевский көшесіне қарай оңға бұрылғанда, кенеттен мотоциклші бар жылдамдықпен оның есігіне соқтығысады

Оқиға салдарынан мотоциклші жаяу жүргіншілерге арналған жолға шығып кетіп, мотоциклі түтіндей бастаған. Оқиға куәгерлері көліктің тұтануына жол бермей, оны сөндіріп үлгереді. Зардап шеккен мотоциклші түрлі жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Жол полициясы оқиға орнына дереу жетіп. Апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сурет: Zakon.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: