Шымкентте жүріп келе жатқан автобустың жүргізушісі есінен танып қалған

Әлеуметтік желіде жаяу жүргіншілерге арналған (тротуарға) жолға шығып кеткен жолаушылар автобусының видеосы тарады. Оқыс оқиға Тұрар Рысқұлов пен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері жүргізуші өзін жабайы ара шағып алғаннан кейін жайсыз сезінгенін анықтады, салдарынан ол рөлді жолдың шетіне қарай бұрған, бірақ автобус тротуарға бір-ақ шыққан. Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі
Ер адамға медициналық көмек көрсетілді.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript