Танымал кәсіпкер Қайрат Беркінбаев мезгілсіз дүние салды

Қаралы хабар, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2022 18:20 Сурет: ҚР ДСМ баспасөз қызметі
Бүгін 57 жасында белгілі қоғамдық денсаулық сақтау қайраткері, "Оқ-жетпес" емдеу сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев мезгілсіз дүниеден озды. Денсаулық сақтау министрлігі Қайрат Беркінбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайрат Шерәліұлы курорт ісінің дамуына зор үлес қосты, Қазақстанның ірі сауықтыру мекемелерінің басшысы бола отырып, өзін дарынды ұйымдастырушы ретінде көрсетті. Марқұмның отбасы мен жақындарына қамқор әкесінің және жұбайының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз, делінген ҚР ДСМ көңіл айту хабарламасында.

Айта кетсек, 2019 жылы Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Қайрат Беркінбаев ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталған. Белгілі тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы Қайрат Беркінбаевтың жұбайы болып табылады.

"Оқжетпес" емдік сауықтыру кешені - жыл бойына емделіп, демалуға арналған Қазақстанның отбасылық санаториі. Ол Бурабайда орналасқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: