Жаңалықтар тізбегі
0

Президент қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде маңғыстаулықтардың мінез-құлқын атап өтті

Қаңтар қақтығысы кезіндегі маңғыстаулықтардың жаңдайы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2022 14:34 Сурет: Zakon.kz
7 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев саяси жауапкершілік мәдениетін тәрбиелеу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуінде президент кез келген мәселені келіссөздер мен диалог арқылы шешуді – жақсы әдетті қалыптастыру керектігін атап өтті.

Оның айтуынша, маңғыстаулықтар қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде ел тағдыры үшін жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.

Ол күндері, президент атап өткендей, адам шығыны болмады. Сонымен қатар, мемлекеттік және қоғамдық мекемелерге шабуыл жасалған жоқ.

Бұл өз еліне деген құрметтің тамаша үлгісі. Қасым-Жомарт Тоқаев

Әрине, деп жалғастырды президент, адам өмірі бәрінен де жоғары.

Тоқаев кез келген күрделі мәселені бейбіт жолмен шешуге болатынын атап өтті.

Біз ішкі саясатта да, сыртқы саясатта да осы қағиданы ұстанамыз. Қасым-Жомарт Тоқаев

Сөз соңында мемлекет басшысы заңдардың әділ, тәртіптің қатаң болуы керектігін атап көрсетті. Басқаша айтқанда, қазіргі жағдайда бқл дұрыс ұстаным.

Тұрақтылық пен бейбітшілік болмаса, ілгерілеу болмайды. Қасым-Жомарт Тоқаев

Сонымен қатар, кездесуде Тоқаев ұлттық мүдделерді қатаң позициядан қорғауға дайын екенін мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: