Саудада доллар бағамы тұрақтанды

Доллар, рубль, юань, еуро, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2022 16:30 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) Астана уақыты бойынша 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 464,40 теңге (-0,09) болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,55 теңгеге дейін төмендеді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 64,23 теңге (+0,19) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 453,86 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 465-468,5 теңгеден, еуро 459-465 теңгеден, ресей рублі 7,05-7,25 теңгеден сатып алынып/сатылып жатыр.

Ал 7 қарашадағы сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.

Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны 0,99%-ға арзандап, барреліне 97,59 доллар болды.

Желтоқсан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,26%-ға төмендеп, барреліне 91,44 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: