Президент Атырау облысының инфрақұрылымын жақсартуды тапсырды
Сурет: Zakon.kz
8 қараша күні Атырау облысының жұртшылығымен кездесуінде президент автокөлік жолдарының сапасы халықтың тұрмысына және экономикаға тікелей әсер ететінің айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің сөзінше, бұл сала Атырау облысында ақсап тұр. Жергілікті жолдардың 72 пайызы ғана орташа күйде. Мұны төмен көрсеткіш деуге болады.
Облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың сапасы да жақсы емес. «Атырау – Астрахань» күре жолын жөндеу жұмыстары баяу жүріп жатыр. Үкімет оны уақытылы және сапалы аяқтауды қамтамасыз етуге тиіс. Жалпы, облыстағы шұрқ тесік жолдар талай рет жұрттың сынына ұшырады. Бірақ содан ешқандай нәтиже жоқ, тиісті мекемелер өз жұмысын дұрыс орындамайды. Ауданаралық, облысаралық жолдардың сапасы жақсармаса, аймақтарды дамыту туралы айтудың өзі қиын. Сондықтан, жол құрылысы менің жеке бақылауымда болады. Президент
Бұдан бөлек, жол бойындағы инфрақұрылымды дамытуға баса мән берген жөн, деді президент. Ұлттық мұнай-химия кешенінің алғашқы кезеңі іске қосылғанда «Атырау – Доссор» жолындағы көлік қозғалысы күрт көбейеді. Сондықтан, құзырлы органдар бұл жолды ІІІ санаттан І санатқа ауыстыру мәселесін тез арада шешуге тиіс.
Атырау аймағындағы ауылдар бір орталықтан берілетін су жүйесіне қосылмаған. Көптеген елді мекеннің тұрғындары таза суды кейде белгілі бір уақытта ғана алады. Инфрақұрылым желісі әбден тозғандықтан, осындай ахуал қалыптасып отыр. Мысалы, Атырауды және Мақат ауданын сумен қамтамасыз ететін тазарту жүйесі апатты жағдайда тұр. Алдағы бес жылда тұщы су тапшылығы 40 пайызға жетуі мүмкін. Сондықтан, Үкімет пен облыс әкімдігі сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуға баса назар аударуы қажет. Мемлекет басшысы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript