Жаңалықтар тізбегі
0

Украинада кедейлік деңгейі он есе өсті

Украинада кедейлер көбейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2022 17:11 Сурет: Zakon.kz
Дүниежүзілік банк Украинадағы кедейлік деңгейі он есе артқанын мәлімдейді. Жыл соңына дейін халықтың төрттен бірінің әлеуметтік жағдайы тіптен төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экономика министрлігі елдегі инфляция көлемі желтоқсан айына дейін жиырма бестен отыз пайызға дейін шарықтайды деп хабарлайды.

Алайда тәуелсіз сарапшылар бұл көрсеткіш 45, тіпті 50 пайызға дейін көтерілуі мүмкін деп болжайды.

Ал елдегі жұмыссыздық деңгейі бүгінде қырық пайызға жуықтады. Украинада ай сайын бюджет тапшылығы сегіз млрд евроны құрайды. Қаражаттың мол бөлігі қорғаныс саласына құйылып жатыр.

Сондықтан Дүниежүзілік банк соғыстың салдарынан Украинадағы кедейлік деңгейі он есе артқанын мәлімдейді.

Ел президенті Зеленский халықаралық донор мемлекеттерден Украинаның бюджет тапшылығын жабу үшін шамамен 55 млдр АҚШ доллары қажет екенін айтып, көмек сұрады.

Оның ішінде 17 миллиарды қыс алдында қираған мектеп, тұрғын үй мен энергетикалық нысандарды қалпына келтіруге жұмсалмақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: