Астанада екі жұмысшы салынып жатқан тұрғын үйдің 14-қабатынан құлап кетті

Астана, тұрғын үй кешені, құрылыстағы төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2022 18:52 Сурет: Zakon.kz
Астанада 11 қарашада тұрғын үйдің 14-қабатындағы екі жұмысшы аспалы құрылыc жабдығынан жерге құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда Полиция департаментінің мәлімдеуінше, құлағандардың бірі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, екіншісі ауруханаға жеткізілді.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қарашаның 7-сі күні дәл осындай оқиға Талдықорғанда да орын алды. Құрылыс алаңында жұмысшы биіктен құлап кетті. Ол шетел азаматы болып шықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: