Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Президент сенім грамоталарын қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2022 13:03 Сурет: akorda.kz
«Ақорда» резиденциясында 3 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Сенім грамоталарын Америка Құрама Штаттарының елшісі Дэниэл Розенблюм, Сьерра-Леоне Республикасының елшісі Мұхамед Йонгаво және Молдова Республикасының елшісі Лилиан Дарий тапсырды.

Президент дипломаттарды Қазақстандағы ресми миссияларының басталуымен құттықтап, олар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен және қажырлы еңбегімен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған бейбіт әрі ашық сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті.

Шара соңында Президент дипломаттарға табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына жүрекжарды сәлемін жолдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: