Fitch Ratings Халықаралық рейтінгілік агенттігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ рейтінгісін көтерді

Қазагрофинанс, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2022 17:37 Сурет: www.kaf.kz
«ҚазАгроҚаржы» АҚ инвестерлердің қызығушылығын одан әрі арттырды. Бұған «ВВ+» ден «BBB-ге» дейін рейтінгтің «тұрақты» болжамға жоғарылауы себепкер болды. Өзінің қызметі саласында ТОП-3-ке енетін Fitch Ratings беделді рейтингілік агенттік болып табылады.

Ағымдағы жылы Қоғам нарықта өз бағдарын айтарлықтай нығайтып, Мемлекет Басшысының тапсырмасымен қысқа мерзімде жеңілдікті лизинг бағдарламасын іске асырды, сондай-ақ белгіленген жоспарларды ойдағыдай орындауды жалғастыруда. Осыны ескере отырып Fitch «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның рейтингін көтеру жағын қайта қарастырды. Рейтингтің жоғарылауы инвестициялық саясатқа және компанияға деген сенімнің арту деңгейіне оң әсерін тигізеді.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ ең тиімді шарттарды ұсына отырып, лизингке жоғары техгнологиялы ауыл шаруашылық техникасын береді, соның нәтижесінде аграршылар жыл сайын мыңдаған техниканы жаңартуға мүмкіндік алады.

«Бәйтерек ҰБХ» АҚ компаниялар тобына кіретін «Агрокредиттік корпорация» АҚ «ҚазАгроҚаржы» АҚ жалғыз акционері болып табылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: