Мемлекет басшысы Алматы әкімдігіне қаланың жаңа аудандарында заманауи мәдени орта қалыптастыруды тапсырды
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 қарашада Алматыда халықпен кездесуі барысында туристерді көптеп тартуға мәдениет саласының әлеуетін жетілдіру керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тағы бір өте маңызды сала бұл – мәдениет. Алматы Қазақстанның мәдени астанасы саналады. Мұнда театрлар, музейлер, кітапханалар көп. Almaty Fest, The Spirit of Tengri сияқты ауқымды мәдени іс-шаралар жиі өтеді. Бірақ, тағы да сол мәселе, негізгі мәдениет ошақтары қаланың «тарихи орталығында» шоғырланған. Әкімдік қаланың жаңа аудандарында заманауи мәдени орта қалыптастыруы керек. Туристерді көптеп тартуға мәдениет саласының әлеуеті жетеді. Мысалы, жақында Алматыда Димаштың концерті өткенін жақсы білесіздер. Оған 65 елден 13 мың турист келді. Мәдени іс-шаралар қаланың рухани өмірін байытуға, шығармашылық әлеуетін арттыруға тиіс. Президент
Президенттің айтуынша, озық халықаралық тәжірибені үнемі зерттеп, оны, әсіресе, мәдени туризм саласына енгізу қажет.
Жалпы, халық тұрмысының түзелуі, мәдениет ошақтарының артуы және басқа факторлар қала тұрғындарының мәдени менталитетін қалыптастырады. Бұл – дамудың маңызды көрсеткіші. Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript