Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада жалпы республикалық жұмыс берушілер күні өтті

Қызылордада жұмыс берушілер күні аталып өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 11:39 Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Кеше Қызылорда облыстық білім басқармасының бастамасымен Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжінде «Жұмыс беруші күніне» арналған қорытынды жиын өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің тұжырымдамасына сәйкес өткізілген жиынға облыс әкімінің орынбасары Н. Сақтағанов, басқарма басшысы М. Шермағанбет, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры П. Сыздықов, өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Е. Раимов және облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен жұмыс беруші мекеме басшылары қатысты.

Жұмыс берушілер күні аталып өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 11:39

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Шараның мақсаты – кадрларды даярлау сапасын көтеру және жұмыс берушілермен ынтымақтастық байланысты арттыру.

Еңбек нарығында сұранысқа ие білікті маман болу – қазіргі заман талабы. Бүгінде облыстағы колледждерде бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Дуалды оқыту бойынша 216 жұмыс беруші кәсіпорынмен келісім-шарт жасалған. 24 колледжде 87 мамандық негізінде 3114 студент білім алуда.

Қызылордада жұмыс берушілер күні аталып өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 11:39

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы шараға қатысушыларды құттықтап, жұмыс беруші кәсіпорындар мен мекеме басшыларын Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Жиында өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Ерлан Қаниұлы, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Айтбайұлы оқу орындары мен әлеуметтік серіктестік мекемелердің атқарған жұмыстарына қолдау білдіретінін жеткізіп, мекеме басшыларын марапаттады.

Қызылордада жұмыс берушілер күні аталып өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 11:39

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жалпы «Жұмыс беруші күніне» арналған шара облыс бойынша барлық колледжде өткізіліп, оған 112 жұмыс беруші мекеме қатысты. Нәтижесінде кәсіпорын мен колледждер арасында 25 меморандум жасалды.

Қызылордада жұмыс берушілер күні аталып өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 11:39

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: