Жаңалықтар тізбегі
0

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ БҚО кәсіби даму институтында педагогтерге арналған сессия өткізді

Өрлеу орталығы ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 17:23 Сурет: "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ БҚО кәсіби даму институтының баспасөз қызметінен алынды
Сессияға қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова, мектеп директорлары, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, институт қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Институт директоры София Ізмұхамбетованың айтуынша, «Өрлеу» биыл өз жұмысын жаңа жолға қоюда. Инклюзивті, икемді дағдыларды дамыту және жобалық оқыту тақырыптарын қамту арқылы 122 бағдарламаны жаңартты. Жаңартылған бағдарламалардың тиімділігі Т. Гаски үлгісіне негізделген жүйемен бағаланады. Сондай-ақ Lesson study технологиясын пайдалана отырып, курстан кейінгі қолдауды жүргізудің жаңа моделі енгізілді.

Қазіргі уақытта педагогтерге жаңа талаптар қойылуда. Қоғам өз уақытын тиімді пайдалана алатын, сенімді ақпарат іздеп, әріптестерімен, оқушы және ата-аналармен қарым-қатынас орнатуға қабілетті көшбасшы мұғалімдерге бұрынғыдан да көбірек мұқтаж. Сондықтан «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен Алматы Менеджмент Университеті бірлесіп, «Жаңа мектеп: нәтижелі басқару командалары» курсын дайындады. Курс мектептерде басқарушылық лауазымдарды атқаратындар үшін де, көшбасшылық позицияға үміткер педагогтер үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады. Оқыту 2022 жылғы қараша айының 7 мен 18 күндері аралығында өтеді. Курс теория мен тәжірибенің үйлесімді синтезі болып табылады. Тыңдаушылар нәтижелі басқару дағдыларын меңгеріп, тиімді командалар құру стратегиясын зерттейді. Сондай-ақ 4-D көшбасшылық моделін қарастырады, -деп атап өтті София Салахидденқызы.

Сессия өтті мұғалімдерге, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 17:23

Сурет: "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ БҚО кәсіби даму институтының баспасөз қызметінен алынды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ БҚО кәсіби даму институтының баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылы қысқамерзімді қосымша 72 курс жоспарланып, соның ішінде 68 курста 1700 тыңдаушы біліктілігін жетілдірген. 21 жылжымалы курс ауданда өтіп, оған 525 тыңдаушы қатысқан. Онлайн сипатта 7 курс ұйымдастырылды. «Жаһандық құзыреттіліктер» бойынша жаңа курсқа 175 тыңдаушы қатысты. 68 курстың ішінде ауданнан 1096, қаладан 604 тыңдаушы біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Жуықта 7-18 қараша аралығында тағы 4 курс жоспарланған.

Институт директорының орынбасары Күміс Байкатова «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларындағы инновациялар» тақырыбында баяндап жасады.

Өңірлердің қажеттіліктерін талдау негізінде бізге біліктілікті арттыру курстарына келген оқытушы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу бойынша құзыреттерді алуы үшін оқыту бағдарламасына инклюзивті білім беру мәселелерін енгізу ұсынылды. Бүгінгі таңда мұғалім баланың қажеттіліктерін түсіну дағдыларына ие болуы керек. Сондықтан инклюзивті баланың қажеттіліктерін анықтау және онымен қалай жұмыс істеу керектігі туралы түрлі сұрақтар әр біліктілікті арттыру бағдарламасында бар. Сонымен қатар білім алушылардың сыни ойлауын дамыту, тапсырмалар мен кейстерді бірлесіп шешу үшін командада жұмыс істеу қажет. Жобаға бағытталған оқыту бөлігіндегі бағдарлама жаңартылып, "икемді дағдыларды"(soft skills) дамытуға қатысты тақырыптар қосылды, -деген Күміс Ильясқызы «Өрлеу» «БАҰО» EdCrunch академиясымен бірлесіп, 12 пән бойынша 44 жаңа пәндік бағдарлама әзірлегендігін айтып өтті.

Мұғалімдерге сессия өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 17:23

Сурет: "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ БҚО кәсіби даму институтының баспасөз қызметінен алынды

Сессияны қорытындылаған институт директоры Софья Ізмұхамбетова курс барысында педагогтер сарапшылар мен оқытушылардан жедел керібайланыс алып, оқыту аяқталғаннан кейін қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушылар Алматы Менеджмент Университетінің «Білім берудегі менеджмент» MBA бағдарламасына жеңілдікпен оқуға түсу мүмкіндігіне ие болатынын айтып, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: