Маңғыстау облысында сайлаудың алғашқы сағаттарында 16 бала дүниеге келді
Сурет: unsplash
Маңғыстау облысында 20 қарашада өткен сайлаудың алғашқы сағаттарында 16 нәресте дүниеге келді - 5 ұл және 11 қыз, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық Қоғамдық коммуникациялар орталығы атап өткендей, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыста соңғы жылдары ұл бала көбірек дүниеге келсе, бүгін сайлау күні екі есе көп қыз бала дүниеге келген.
Перинаталдық орталық әзірге болжам жасамайды, себебі бұл 00:00-ден 08:30-ға дейінгі деректер. Күннің соңына қарай жағдай әлі де өзгеруі мүмкін.
Орталық Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына жас аналар да қатыса алатынын атап өтті.
Сайлауға перинаталдық орталықтардың қызметкерлері де қатысуға ниетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript