Досхан Жолжақсынов халықты азаматтық белсенділік танытуға шақырды

Алматы, сайлау, кезектен тыс президенттік сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 21:08 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Кинорежиссер Досхан Жолжақсынов қазақстандықтарды азаматтық белсенділік танытуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол таңдау жасап қойғанын айтты.

"Құрметті ағайындар! Бүгін мемлекетіміз бен халқымыз үшін маңызды күн. Біз ата-баба аманатын келер ұрпаққа жеткізуге жауаптымыз, сондықтан сайлау учаскелеріңізге келіп, таңдау жасаңыз. Мен өз таңдауымды жасап қойдым! "– деді белгілі кинорежиссер, актер, Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов.

2022 жылғы 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. ОСК мәліметінше, сайлаушылар тізімінде 11 950 485 Қазақстан азаматы бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: