21 қарашадағы саудада доллар күрт көтерілді

Доллар бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2022 16:20 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа бағамы 463,55 теңгені құрап, бірден 4,05 теңгеге көтерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 64,80 теңгені (+0,88) құрады.

Еуро мен Ресей рублімен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 476,44 теңге, рубльді 7,61 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 463,5-467 теңге, еуро – 473-479 теңге, ресей рублі – 7,27-7,42 теңге аралығында сатылып жатыр.

Ал, 21 қарашадағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны 0,97%-ға арзандап, барреліне 86,77 долларды құрады.

Қаңтардағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,74%-ға арзандап, 79,52 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: