Жаңалықтар тізбегі
0

Киімді қанша уақыттан кейін сатушыға қайтаруға болады

Қанша уақыттан кейін киімді қайтаруға болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2022 17:55 Сурет: pixabay
Мұқият тексеруден кейін сатып алынған зат мөлшері мен талғамына сәйкес келмеу жағдайлары кездесіп тұрады. Тұтынушының өнімді 14 күн ішінде қайтаруға заңды мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Астана қаласының тұрғыны білді, ол өлшемі келмеген бешпетті сатып алған еді. Тұтынушы тауарды бірден сатушыға алып барып беріп, ақшасын қайтаруды талап етті, алайда сатушы ақшаны қайтарудан бас тартты.

Мәселені реттеуге бағытталған өз әрекеттері сәтсіз болғандықтан, тұтынушы Астана қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінуге мәжбүр болды.

Департамент тұтынушының материалдарымен танысып, өз кезегінде осы дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу үшін ресми хат жолдады.

Осылайша, Департаменттің көмегімен тұтынушы мәселесі шешілді,тауар ақшасы 294 мың тенге соммасында толықтай тұтынушыға қайтарылды.

Бұл жағдайда «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына назар аударған жөн. Астана қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті

Сатып алушы өзіне азық-түлікке жатпайтын тауар берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы (дайындаушы) неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, сатып алынған тауарды сатып алу орнында немесе сатушы (дайындаушы) хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, басқа мөлшердегі, нысандағы, габариттегі, пішіндегі, түстегі, жиынтықталымдағы және осы тәріздегі соған ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастауға құқылы.

Заңның 30-бабының 1-тармағына сәйкес, сонымен бірге іш киім мен шұлық-ұйық бұйымдарын қоспағанда, сатушы(дайындаушы), егер оның тауарлық түрі, тұтыну қасиеттері, пломбалары, жапсырмалары, сондай- ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат, егер ұзақ мерзім сақталмаса,ол пайдаланылмаған болса, тиісті сападағы тауарды күнтізбелік он төрт күн ішінде тауарды сатып алған күннен бастап шартта белгіленген айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.

Егер сіздің тұтынушылық құқықтарыңыз бұзылған болса және сіз мәселені өз бетіңізше шеше алмасаңыз, сіздің Департаментке жүгінуге құқығыңыз бар.

Өтініш беру үшін eotinish.kz және etutynushy.kz платформаларын пайдаланыңыз. Сіз Департаментке қағаз өтінішпен де жүгіне аласыз. Департаменттің мекенжайы: Астана Қ., Петров к-сі, 5, НП-3, 7-кабинет. Сонымен қатар, Telegram bot-та Департамент мамандарынан кеңес алуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: