Ақмолада ер адамға дене жарақатын салған күдікті құрықталды
Сурет: ҚР ІІМ
Есіл аудандық полиция бөліміне орталық аудандық аурухананың медбикесінің Қаракөл кентінің 45 жастағы тұрғыны “Аяқ-қолдардың сынуы, алкогольдік мас болу” диагнозымен медициналық көмекке жүгінгені туралы хабарламасы келіп түсті.
Ер адамға бұрын сотталмаған 29 жастағы ауыл тұрғыны жағымсыз қарым-қатынас негізінде дене жарақатын салғаны анықталды.
Осы факті бойынша Есіл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК-нің 107-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Сараптама тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript