22 қарашадағы саудада доллар аздап төмендеді

Доллар бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2022 16:04 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,74 теңгеге төмендеп, 462,75 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,62 теңге болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,72 теңгені (-0,08) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 473,93 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 463-466,5 теңгеден, еуро 473-478 теңгеден, ресей рублі 7,23-7,4 теңгеден сатылуда.

Ал, 22 қарашадағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілуде.

Осылайша, Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны 0,46%-ға өсіп, барреліне 87,85 долларды құрады.

Қаңтардағы WTI фьючерстерінің бағасы барреліне 0,35%-ға өсіп, 80,32 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: