13 маусымдағы саудада доллар аздап төмендеді
Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,16 теңгеге төмендеп, 451,38 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы бұрынғы деңгейде сақталып, 62,16 теңгені (-0,0069) құрады.
Ұлттық банк еуроның бағамын 485,97 теңге, рубльді 5,07 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 451,1-452,9 теңгеге, еуро 487-491 теңгеге, ресей рублі 4,91-5,09 теңгеге сатылуда.
Ал 13 маусымдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, тамыз айындағы Brent фьючерстерінің құны ICE Futures электронды саудасында 0,16%-ға арзандап, барреліне 82,47 долларды құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстері шілде айына 0,18%-ға арзандап, барреліне 78,36 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript