30 маусымдағы түскі саудада доллар аздап төмендеді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,67 теңгеге төмендеп, 452,51 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 62,35 теңге болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 495,68 теңге, рубльді 5,22 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 450-453 теңге, еуро 490,5-495 теңге, ресей рублі 5,01-5,25 теңге аралығында сатылуда.
Мұнай бағасы ОПЕК+ елдерінің энергетикалық ресурстарға ұзақ мерзімді сұранысқа қатысты болжамдарына байланысты көтерілді. Brent маркалы мұнай баррелінің құны осы аптада ОПЕК-тің алдағы онжылдықта энергияға сұраныстың өсуі туралы болжамдары және АҚШ-тағы "қара алтын" қоры туралы деректер аясында 72 доллардан 74 долларға дейін құбылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript