14 маусымдағы саудада доллар тағы сәл әлсіреді

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2024 16:07 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,49 теңгеге төмендеп, 450,79 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 62,99 теңгені (-0,16) құрады.

Ұлттық банк еуроның бағамын 487,22 теңге, рубльді 5,14 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 452,1-453,9 теңгеге, еуро 482,5-487 теңгеге, ресей рублі 4,89-5,01 теңгеге сатылуда.

Ал 14 маусымдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures биржасында электронды саудада тамыз айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,58%-ға арзандап, барреліне $82,27 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстері шілде айындағы фьючерстері 0,76%-ға төмендеп, барреліне 78,02 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: