Ұлытау облысында Ш.Ділдебаевтің 85 жылдығына арналған жыршы-термешілер байқауы өтті
Алғашқы болып сөз алған қала әкімі Асқар Ыдырысов терме өнерінің маңызы үлкен екендігін, терме арқылы ата-бабамыздың өсиеті мен тілегі ұрпақтан ұрпаққа жететінін атап өтті.
Қатысушыларды құттықтап, сәттілік тілеген қала басшысы, оза шапқанға олжа бұйырсын!-деген тілегін жеткізді.
Іс-шараға «Ұлытау облысының мәдениет тілдерді дамыту, архивтер ісі басқармасы» ММ-нің басшысы Әнуар Омар қатысып, ізгі тілегін жеткізді.
Жүлдеді ІІІ орынды Сәтбаев қаласының үш термешісі иеленді. Оларға 50 мың теңге көлемінде сертификат берілді.
ІІ орынды Жезқазған қаласы мен Ұлытау ауданы бөлісті. Жеңімпаздарға 70 мың теңге көлемінде сертификат табысталды.
І орын мен тепмешісі 100 мың сертификатқа Жезқазған қаласының қатысушысы қол жеткізді.
Ал, доданың бас жүлдесін жерлесіміз Рысбек Тақашев жеңіп алды. Жеңімпаз 150 мың теңгелік сертификатпен марапатталды.
Бүгінгі өткізіліп отырған байқаудың әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге үлесі зор екендігі анық.
Барлық қатысқан жыршы-термешілерді жеңістерімен құттықтаймыз!