Ұшақ кешіккен жағдайда салынатын айыппұл мөлшері белгілі болды

Ұшақ кешіккен жағдайда билет құнының бір бөлігі қайтарылады. Сенат қабырғасында көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша Заң жобасын таныстырған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл талап тек әуе компаниясы тарапынан әбестік болса ғана қолданылады. Мұндай кезде жолаушы алдымен әуе компаниясына арыз жазады. Одан нәтиже шықпаса, сот арқылы ақшасын өндіріп ала алады.
Ұшақ кешіккен кезде заң бойынша компания жолаушыларға қандай қызмет ету керегі көзделген. Әуе компаниялары ұшу кестесінде өзгеріс болып, рейс уақыты кешіктірілсе жолаушылар әр сағатына билет төлемақысынан 3 процентін қайтаруы керек. Мұндай жағдайларда мемлекет оларға айыппұл салады. Бірінші кезекте 200 АЕК, тағы қайталанса 1000 АЕК-те. Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript