Қарағандыда көлікті бүлдірген бұзақылар ұсталды
Оқиға орнына сол жерге жақын маңдағы патрульдік полиция полкінің жасағы жіберілді. 22 жастағы жәбірленуші оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне кешкілік уақытта өзі тұратын үйдің ауласына автокөлігін қойғанын, таң ата көліктің дабылы ойнаған соң далаға шыққанда белгісіз біреулер оның терезесін сындырып, алдыңғы крылосын майыстырып кеткенін айтты.
Оған келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құраған. Оқиға болған жерге тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бір топ жігіттерді байқады.
Олар тәртіп сақшыларының көлігін көрген бетте қаша бастаған. Жедел жұмыстар барысында полиция қызметкерлерімен 19 бен 32 жас аралығындағы бес жігіт ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Ұсталғандар бұзақылық әрекеттері барысында көлікті бүлдіргендері туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.