Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға келді

Тоқаев Францияға келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 09:00 Сурет: видеодан скриншот
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парижге келіп, Франция президенті Эммануэль Макронмен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bort No1 телеграм-арнасының хабарлауынша, Тоқаев пен Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын талқылайды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы француз іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізеді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде сапармен болды. Владимир Путинмен кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына байланысты декларацияға қол қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: