Жаңалықтар тізбегі
0

«Қазфосфат» ЖШС барлық еңбек мәселелер бойынша нақты келісімге келді

Қазфосфат, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 14:50 Сурет: «Қазфосфат» ЖШС
2021 жылдың тамыз айынан бастап «Қазфосфат» басшылығына жаңа акционерлер мен басшылар келген алғашқы күннен бастап көп жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселелер бойынша белсенді түрде шаралар қабылдауға кірісті.

Сондықтан 2022 жылдың 29 қарашасында «Қазфосфат» ЖШС-де туындаған еңбек мәселелеріне байланысты жұмыс тобы құрылды, оның құрамына компания басшылығы, тиісті органдардың өкілдері және кәсіпорын қызметкерлері кірді.

Кездесулерде жұмысшылар еңбек қатынастары бойынша ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан бірқатар мәселелерді көтерді. Олардың ішінде: жалақыны көтеру, емделуге, сауықтыруға қаражат бөлу, еңбек жағдайлапдағы зиянды жұмыстарға тартылған қызметкерлерге тең мүмкіндіктерді қарастыру, арнайы киіммен уақытылы қамтамасыз ету, сонымен қатар оның сапасын жақсарту, жұмысшыларды тасымалдауға байланысты мәселелер, екі тілде іс қағаздарын жүргізу және т.б.

Қазфосфат, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 14:50

Сурет: «Қазфосфат» ЖШС

Жұмыс тобы мен компания басшылығының жан-жақты жұмысының нәтижесінде барлық еңбек мәселелер бойынша сұрақтап шешімін тауып, нақты келісімдерге қол жеткізілді.

Атап айтқанда, сараланған тәсілді қолдана отырып, жалақыны арттыру және жалақыдағы айырмашылықты азайту мақсатында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкерлердің жалақысы 50 мың теңгеге, 1 шілдеден бастап тағы 30 мың теңгеге өседі.

Қазфосфат, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 14:50

Сурет: «Қазфосфат» ЖШС

Сонымен қатар, компания жыл сайын қызметкерлердің жалақысын инфляция деңгейінде индексациялайтын болады.

Кәсіпорын қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы қазіргі таңда 281 183 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың желтоқсан айында барлық қызметкерлерге 13-ші жалақы төленеді (бір лауазымдық жалақы көлемінде).

«Қазфосфат» ЖШС балансында «Көктал» сауықтыру кешені бар, онда 2022 жылы емдеу бөлімшесі мен 5 ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жиһаздар жаңартылып, жаңа медициналық құрал-жабдықтар алынды. Келер жылдан бастап қызметкерлердің қалауы бойынша медициналық қызметтерді пайдалана алатын тағы 4 шипажаймен келісім-шарт жасалатын болады.

Қазфосфат, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 14:50

Сурет: «Қазфосфат» ЖШС

Қазіргі уақытта «Қазфосфат» ЖШС цехтарының қызметкерлеріне зиянды еңбек жағдайлары үшін өтемақы төленеді. 2023 жылдан бастап барлық өндірістік цехтар қайта аккредитациядан өтеді, одан кейін зиянды еңбек жағдайлары үшін өтемақы төлемдері қайта қаралады.

Өткен жылдардың барлығында жұмысшыларды арнайы киіммен қамтамасыз ету өз деңгейінде жүргізілмегенін ескере отырып, кәсіпорын басшылығы 2021-2022 жылдары арнайы киімдер мен қауіпсіздік аяқ киімдерін толық көлемде қамтамасыз ету шараларын қабылдады. Келер жылдан бастап олардың сапасын жақсарту бойынша қосымша шаралар қолға алынбақ.

2021 жылдан бастап «Қазфосфат» ЖШС жыл сайын көлік парктерімен жұмысшыларды тасымалдау бойынша келісімдер жасасып келеді. 2023 жылдың қаңтарынан бастап жаңа автобустарды, сондай-ақ компания қызметкерлері үшін жаңа бағыттарды шығару жоспарлануда.

Қазфосфат, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 14:50

Сурет: «Қазфосфат» ЖШС

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін іс қағаздарын екі тілде жүргізу мәселесі шешілетін болады.

Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мәселелері компания басшылығының тұрақты бақылауында. Мәселен, бұған дейін компания қызметкерлердің жалақысын 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10%-ға, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап – қосымша 15%-ға, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап – тағы 10%-ға және 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап қосымша 10% ұлғайтылған болатын.

Қызметкерлердің еңбек жағдайының сапасын жақсарту мақсатында асханаларды жаңа құрал-жабдықтармен жабдықтады және жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Серіктестік кәсіпорында 6 мыңға жуық жұмысшыны тегін тамақпен қамтамасыз етті.

Кәсіпорын жұмысшыларының балаларына арналған 750 адамды қамтитын «Жұлдыз» балалар лагеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Кәсіпорында “Атаулы әлеуметтік көмек көрсету қағидалары” әзірленді және бекітілді, оның аясында 1457 мұқтаж қызметкерге материалдық көмек төленді.

Жұмысшыларды баспанамен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінуде.

Мәселен, кәсіпорын соңғы он жылда алғаш рет Қаратау қаласында көп балалы отбасыларға, ардагерлерге, мүгедектерге 72 пәтер, Тараз қаласында зауыт қызметкерлеріне 31 пәтер берді.

Қазфосфат, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 14:50

Сурет: «Қазфосфат» ЖШС

Келер жылы «Қазфосфат» Жаңатас қаласында 226 пәтерлік тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ компания қызметкерлеріне «Отбасы банкінде» бастапқы жарнаға, яғни баспана құнының жартысына ақша жинауға көмектеседі.

Әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын жүзеге асыра отырып, «Қазфосфат» ЖШС 2021 жылы Тараз қаласындағы Үшбұлақ жағалауын қайта қалпына келтірді, Қаратау қаласында балалар және спорт алаңдары бар саябақ құрылысын толығымен қаржыландырды. Сондай-ақ 2023 жылы Жамбыл ауданы Шайқорық ауылында да осындай демалыс саябағын салу жоспарлануда. Ал серіктестіктің бөлімшесі орналасқан Түркістан облысындағы Құмкент ауылында көшелерді жарықтандыру жобасы қаржыландырылады.

Өндірістік және әлеуметтік жобалар аясындағы барлық келісімдерді жүзеге асыру жұмыстары «Қазфосфат» компаниясы басшылығының ерекше бақылауында болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: