29 қарашадағы cаудада доллар қымбаттады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,42 теңгеге қымбаттап, 468,43 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 65,27 теңгені (+0,42) құрады.
Еуро мен Ресей рублімен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 488,82 теңге, рубльді 7,7 деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар – 467,5-471 теңге, еуро – 484-490,5 теңге, ресей рублі – 7,25-7,45 теңге аралығында сатылып жатыр.
Ал 29 қарашадағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны 2,37%-ға өсіп, барреліне 85,16 долларды құрады.
Қаңтардағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 1,98%-ға өсіп, 78,87 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript