Қырғызстан қырғыз-өзбек шекарасы туралы келісімді ратификациялады
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «2022 жылғы 3 қарашада Бішкек қаласында қол қойылған Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы шартты ратификациялау туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды 24.kg.
Құжат 3 қарашада Бішкекте қол қойылған қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы шартты ратификациялауды ұсынады.
17 қарашада Жогорку Кенеш Өзбекстанмен қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы келісімді ратификациялады. Жиынға президент Садыр Жапаров қатысты.
Келісім жалпы ұзындығы 302,29 км болатын учаскелерді қамтиды. Соған сәйкес Кемпирабад (Әндіжан) су қоймасының су ресурстарын бірлескен комиссияның басқаруын қарастыратын келісімге қол қойылды.
83 депутат тіркеуден өтті. Бірінші оқылымда – 64 – жақтап, 18 – қарсы.Екінші оқылымда – 61 – қолда, 22 – қарсы, үшінші оқылымда – 64 – қолдап, 19-ы қарсы дауыс берді.