Қаржы министрлігі қазақстандықтардың несиелерін есептен шығару туралы сұраққа жауап берді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланған жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылданған жағдайда қазақстандықтардың үмітсіз несиелері есептен шығарыла ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасында проблемалық қарыздар мәселелерін шешудің құқықтық тетіктерін құру, несие тарихын «ақтау» және санкциялар мен айыппұлдарды азайту мүмкіндіктері қарастырылғанын айтты.
"Несиелерді есептен шығару бұл заң жобасына қатысты емес және нормативтік құқықтық актінің нысанасына жатпайды. Бұл қандай да бір бөлек бастама болуы мүмкін, бірақ бүгін оны Қаржы министрлігі қарастырып жатқан жоқ". Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов
Оның айтуынша, қазір миллионнан астам Қазақстан азаматының 90 күннен астам мерзімі өткен несиелері бойынша ірі көлемдегі қарыздары бар. Мұндай несиелердің жалпы сомасы 1 триллион 450 миллиард теңгені құрайды. 96 пайызы 5 миллион теңгеге дейінгі несиелер, кепілсіз, әдетте, тұтынушылық несиелер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript