"Көріпкел" бейтаныс қыздың алтынын ұрлап кеткен
Сурет: pixabay
Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 34 жастағы М.есімді азамташаны ұстау кезінде төрт алтын сақина тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, көшеде белгісіз әйел оған жақындап, оның бойында өте ауыр дуа бар екенін айтып, әкесі ауырып қалатынына сендірген. Сондықтан дереу арнайы рәсім жасау арқылы дуаны алып тастау керектігін айтқан. Қыз ойланбастан үйіне барып, бар алтын бұйымдарын жинап, бейтаныс әйелге береді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті қамауға алынды. Алтын бұйымдар айғақты зат ретінде тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Келтірілген шығын көлемі шамамен 250 мың теңгені құрады. Қазіргі уақытта тергеушілер айғақтарды анықтап, ұсталған азаматшаның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Айтпақшы, күдіктінің бұған дейін осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін соттылығы болған, деп жазады Polisia.kz.
Ал тәртіп сақшылары ұсталған азаматшаның суретін мұқият қарап, оны таныған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-708-707-92-02; 8-775-106-18-84.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript