Ақмола облысында боранға байланысты респбуликалық тас жолдың бір бөлігі жабылды

Жолдың жабылуы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 21:18 Сурет: pixabay
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі Екатеринбург-Алматы тас жолының бір бөлігі көлік құралдарының барлық түрлері үшін жабылғанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауа райының нашарлауына, атап айтқанда, ақтүтек боран мен айналаның көріну деңгейінің төмендеуіне байланысты сағат 21:00-ден бастап аталған жол учаскесінде шектеу енгізілді.

Екатеринбург-Алматы тас жолының Астана қаласынан Анар станциясына дейінгі 1291-1353 шақырым аралығы жабылды.

Бүгін синоптиктер 2 және 3 желтоқсанда қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің үш өңіріне қатысты ескерту жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: