Алматы – Екатеринбург тас жолындағы көлік қозғалысы шектеледі
Сурет: unsplash
Сағат 23:00-ден бастап Алматы – Екатеринбург тас жолындағы жүк және қоғамдық автокөлік құралдарының (дизельдік автокөлік) үшін қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол "ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы шектеу Қарағанды – Балқаш учаскесіне қатысты екенін нақтылады.
Бұл шектеу өңірдегі температураның төмендеуіне байланысты енгізіліп отыр.
Еске салсақ, мұның алдында республиканың төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланған еді. Түркістан, Жетісу, Қостанай және Қызылорда облыстарында көктайғақ, тұман және жел болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript