Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының Құлжа тас жолындағы бұрылыстардың бірінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Құлжа тас жолындағы бұрылыстардың бірі уақытша көлік қозғалысы шектеледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 15:49 Сурет: Zakon.kz
"Бұқтырма көшесі мен Құлжа тас жолы қиылысындағы жолайрық құрылысы" жобасы аясында инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 25 қазан сағ 23-00-ден 7 қараша сағ 18-00-ге дейін Құлжа тас жолындағы №8 бұрылыста көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Жабық жол бөлігін Алатау трассасы бойынша Гүлдала ауылына шығып, Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тас жолы қиылысындағы жолайрықтан бұрылып Гүлдала ауылына қарай шығатын эстакада арқылы айналып өтуге болады.

Бүгінде осы жоба аясында Құлжа трактісі бойынша эстакаданың аралық құрылысын, Бухтарминская көшесіндегі тоннель бөлікті, съездер мен түйіспелерді салу бойынша жұмыстар аяқталды, ал бұл көлік торабының өткізу қабілетін бес есеге арттырады.

Сондай-ақ, су құбыры желілерін абаттандыру және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, абаттандыруды ескере отырып, осы көлік айрығының құрылысын ағымдағы жылдың қараша айында толық аяқтау жоспарланған.

Келітірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: