Синоптиктер Қазақстанда күн суытады деп болжап отыр

Қазақстанда күн суытады, синоптиктер болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2022 13:34 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 20-22 желтоқсанына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қар жауып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктердің болжауынша, қар жауып, боран соғады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Суық арктикалық ауа массаларының әсерінен республиканың барлық дерлік аумағында ауа температурасының төмендеуі күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте, республика орталығында 15-28 аяз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: