22 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

Қар жауып, Қазақстанда күн суытады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2022 16:13 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 22 желтоқсанына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде бұрқасынмен бірге қар сақталады, түнде шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жаууы мүмкін.

Республиканың батысында, оңтүстік-батысында солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. «Қазгидромет» РМК

Республиканың барлық аумағында тұман күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ, шығыс жартысында жел күшейеді.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, кейде аздап қар жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -19-21°С, күндіз -17-19°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -6-8°С, күндіз -2-4°С.

Шымкентте – көшпелі бұлтты, түннің бірінші жартысында қар жауады. Батыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз -1+1°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: