Синоптиктердің болжауынша, жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасынмен бірге қар жауады

Қар, жауын, көктайғақ болады , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2022 15:42 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 23 желтоқсанына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде бұрқасынмен бірге қар сақталады, түнде шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жаууы мүмкін. Тек республиканың солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, орталығында солтүстік-батыс антициклонның екпіні әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі, батыста, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады, Қазақстанның солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жел күшейеді, бұрқасын болады. «Қазгидромет» РМК

Астанада – көшпелі бұлт шығады, күндіз қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 3-8, күндіз 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 27-29, күндіз 9-11 аяз.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, қар жауады, тұман түседі, түнде көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 4-6 аяз.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 9-11 аяз, күндіз 1-3 жылы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: