Санитар дәрігерлер мереке қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады

Дәрігерлер мереке алдында ескерту айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2022 14:56 Сурет: Zakon.kz
Қазір Қазақстанда жедел респираторлық вирустық инфекциялардың және тұмауға қарсы вакциналардың штаммдық құрамына кіретін A (H1N1), A (H3N2) және В тұмау вирустары тарап жатыр. Бұл туралы Zakon.kz-ке Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен хабарлады.

Жалпы алғанда Қазақстанда 2,1 миллион жедел респираторлық вирустық инфекция және 1834 тұмау жағдайы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда ЖРВИ ауруының 20% өскені байқалады. Аурудың өсуі барлық аймақтарда байқалады және 65% 14 жасқа дейінгі балаларда кездеседі.

Алдағы мерекелер мен балалардың демалысын ескере отырып, санитар дәрігерлер қазақстандықтарға тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алудың негізгі шараларын еске салды:

  • Науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеңіз, олардың оқшаулануын қамтамасыз етіңіз.
  • Адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық кеңістіктерге баруды шектеңіз.
  • Жөтелгенде және түшкіргенде аузыңызды және мұрныңызды майлықпен жабыңыз, айқайламауға, түкірмеуге, құшақтамауға немесе сүймеуге тырысыңыз. Өйткені шырыш пен қақырық тамшылары -  инфекцияның негізгі көзі
  • Бөлмені жүйелі түрде желдетіңіз, үй-жайларды жиі ылғал түрде тазалаңыз, жалпықол тиетін объектерді (есік тұтқалары, кран және т.б.) үнемі сүртіңіз.
  • Вирусқа қарсы майлар, иммунокоррекциялық препараттар, мультивитаминдерді қолданыңыз. Пияз, сарымсақ, ашытылған қырыққабатты жеңіз.
  • Қолыңызды жиі және мұқият жуыңыз. Қолға гигиеналық немесе дезинфекциялық құралдар қолданыңыз.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тұмау мен ЖРВИ-дің негізгі белгілері туралы айтты:

  • тұмау кенеттен басталып, температураның күрт секіруімен бірге жүреді. Дене интоксикациясы болады (қалтырау, адинамия, бұлшықет және бас ауруы, бүкіл дененің ауыруы, төс сүйегінің артында ауырсынумен бірге құрғақ жөтел);
  • кез келген басқа вирустық инфекциямен - ЖРВИ, аденовирустық инфекция және басқалары - әдетте катаральды симптомдар басым болады (мұрынна су ағуы, тамақ ауруы және безгек).

Қазақстанда жыл сайын қазан-сәуір айларында жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркеледі. Дүниежүзінде A (H1N1), A (H3N2) және В тұмауы вирустарының белсенділігінің артуы байқалады. 

21 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде шошқа тұмауы - H1N1 таралып жатқанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: